6 Қараша 2026, 02:20 Фото: pexels.com

Еуропада газ бағасы 2%-ға өсті

Бағасы мың текше метріне 1042 долларға дейін жетті.

Нидерландта орналасқан Еуропадағы ең ірі газ тарату орталығы TTF индексі бойынша желтоқсан айындағы (ең жақын) фьючерстер сауда-саттықты 984,9 доллар деңгейінде (-3,8%) бастады. Бұл туралы BAQ.KZ «Прайм» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта бағаның ең төменгі көрсеткіші 975,8 долларды (-4,6%), ал ең жоғары көрсеткіші 1055,3 долларды (+3,1%) құрады.

Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-дегі жағдайға сәйкес, газ бағасы 1042,3 долларды (+1,9%) құрады.

Баға динамикасы алдыңғы сауда күніндегі есептік құнмен салыстырғанда көрсетілген. Ол кезде газдың мың текше метрінің бағасы 1023,3 доллар болған.