Еуропада денге безгегі тез тарап барады

Еуропада денге безгегін жұқтыру деректері көбейді,деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сілтеме жасап.

Әдетте ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка мен Кәріб бассейні елдерінде кездесетін. Бірақ енді Кәрі Құрлықта да тарауда. Былтыр 130 дерек расталды.

Салыстыру үшін айтсақ, оның алдындағы 10 жыл ішінде мұнда барлығы 71 оқиға тіркелген. Денгені жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, басы ауырады, буындары сырқырап, денесі бөртіп кетеді. Мамандар Еуропада оның тез тарауына климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін дейді.

Өйткені жаһандық жылынудан Еуропада осы безгекті тарататын масалардың көбеюіне қолайлы жағдай болып тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы