Еуропада бірнеше әуежай кибершабуылдан зардап шекті
Еуропаның бірнеше ірі әуежайы жолаушыларды тіркеу мен отырғызу жүйелерін қамтамасыз ететін ортақ сервистік компанияға жасалған кибершабуыл салдарынан жұмыстағы кедергілерге тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DPA агенттігінің мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында Берлин әуежайы да бар. Әуежай әкімшілігі хабарлағандай, нысанның өзі тікелей шабуылға ұшырамаған, тек жүйелердің істен шығуынан жанама түрде әсер еткен. Дегенмен, бұл жағдай тіркеу орындарында күту уақытын ұзартып, рейстердің кешігуіне себеп болуы мүмкін.
Бұған дейін Брюссель әуежайының да зардап шеккені белгілі болды. Онда жолаушыларды рейстерге тіркеу қолмен жүргізіліп жатыр, ал мамандар жүйені қалпына келтірумен айналысуда.
Лондондағы Хитроу әуежайы да техникалық ақауларды растады. Әкімшіліктің айтуынша, мәселе әуежайдың ішкі жүйелерінде емес, сыртқы сервистердің жұмысында туындаған.
БАҚ деректеріне сәйкес, кибершабуылдың салдары әлі жойылып жатыр. Әуе компаниялары жолаушыларға рейстер кешігуі мүмкін екенін ескертіп, әуежайға ертерек келуді кеңес берді.