Еуропада бір жылда аптап ыстықтан 50 мыңға жуық адам көз жұмды
Барселона жаһандық денсаулық сақтау институтының есебіне (ISGlobal) сәйкес, Еуропада аптап ыстық салдарынан 47 мыңнан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Reuters таратқан ақпаратқа сәйкес, былтыр әлемде бүкіл тарихтағы ең ыстық жаз болды.
Климаттың өзгерісі температураның көтерілуін жалғастыруда. Ал еуропалықтар әлемдегі ең жылдам жылынып келе жатқан құрлықта өмір сүріп, ыстыққа байланысты денсаулықтарына қауіп төндіруде.
Испаниялық зерттеу орталығының есебіне сәйкес, 2023 жылы жоғары температура салдарынан қаза тапқандар саны 60 мың адамға жеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы