Еуропада автокөлік сатылымы азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада наурызда жаңа автомобиль сатылымы коронавирус пандемиясы салдарынан бірнеше есе төмендеді, деп хабарлады Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығы Le Figaro-ға сілтеме жасап.
Наурызда автомобиль сатылымы 51,8% төмендеген. Сатылымның айтарлықтай құлдырауы Италияда байқалады (-85,4%). Францияда бұл көрсеткіш -72,2%, Испанияда - 69,3% және Германияда - 37,7% деңгейінде тіркелген.Сонымен қатар, ACEA Volkswagen сатылымы 43,6%, Renault және PSA 63,7% және 66,9% төмендеген. Бүкіл әлемде автоөндірістің төмендеуі байқалады. Былтыр 2018 жылмен салыстырғанда автомобиль 4,6 миллион данаға аз шығарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы