Еуропа Трамптың Украина бойынша үшжақты саммит өткізу бастамасын қолдады
Еуропалық одақ елдері мен Ұлыбритания лидерлері Украинаға "әділетті әрі берік бейбітшілікке" қол жеткізу үшін көмек көрсетуді жалғастыра беруге дайын екендерін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Саясаткерлер Украина қауіпсіздік кепілдіктеріне ие болуы тиіс екенін, сондай-ақ ЕО мен НАТО-ға кіру құқығына және әскери қолдауға шектеу қойылмауы керектігін атап өтті.
Бұдан бөлек, Еуропа АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысты аяқтауға бағытталған күш-жігерін құптайтынын және оның, сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен өтетін үшжақты саммитке дайын екенін жариялады.
Еске салайық, бұған дейін Путин мен Трамптың шағын форматтағы келіссөздері өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Оңтүстік-Қытай кітап жәрмеңкесіне қатысты
Өзгелердің жаңалығы