Бүгiн 2026, 08:32
Фото: Anadolu агенттігі
Еуропа соты Google-ге салынған 4,1 млрд еуро айыппұлды күшінде қалдырды
Google өкілдері сот шешіміне көңіл толмайтынын білдіріп, компания Android жүйесін ашық әрі тегін дамытуға көп инвестиция салғанын атап өтті.
Америкалық Alphabet Inc. құрамына кіретін Google Еуропалық Одақтың монополияға қарсы реттеушісіне қарсы сот ісінде түпкілікті жеңіліске ұшырады. Еуропаның жоғары сот органы компанияға салынған 4,1 млрд еуро көлеміндегі рекордтық айыппұлды заңды деп таныды.