Еуропа өзгелер қорқатындай күшке ие болуы керек – Макрон
Франция президенті Эммануэль Макрон 17 тамызда қуатты, күшті және еркін Еуропаны көргісі келетінін айтты. Бұл туралы BFMTV жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен қуатты Еуропаны, күшті Еуропаны, еркін Еуропаны қалаймын, - деді Макрон.
Оның айтуынша, Еуропа көшбасшылары өз шешімдерін өздері қабылдауға және сол үшін толық жауапкершілікті алуға дайын болуы тиіс.
Сонымен қатар, Еуропа саясатына қатысты пікірталастар жалғасуда.
Бұған дейін Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Еуропалық одақты "аянышты" деп атап, оның Украинадағы қақтығысты жалғастыруға мүдделі екенін айтқан болатын. Министрдің сөзінше, Еуропа қазір өздігінен шешім қабылдай алмайтын деңгейге түскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 27 жыл толды
Өзгелердің жаңалығы