Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер қызмет етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа Лигасының 1-іріктеу кезеңіндегі матчтардың төрешілері анықталды. Бұл туралы Azerisport.com хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, Арман Исмуратов "Сумгайит" – "Шкендия"(Солтүстік Македония) кездесуінің бас төрешісі болып тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергессізов көмектеседі, сондай-ақ төртінші төреші болып Жандос Абжан қызмет атқарады.
Төрешілер тобы Қазақстан атынан шығады.
Матч 27 тамызда Сумгайиттегі "Капитал Банк Арена" стадионында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы