"Еуропа әлемінде" атты ертегілер кітабы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі тұңғыш рет "Еуропа әлемінде" атты ертегілер жинағын қазақ тілінде жарыққа шығарды. Кітап - Еуропаның мәдени мұрасының бірыңғай топтамасы ретінде Еуропалық Одақ елдерінің аңыздары мен басқа да дәстүрлі ертегілердің жинағы.
Кітаптың мақсаты – Еуропа халықтарының таңғажайып халық дәстүрлерінің ортақ негізін табу, сонымен бірге Ескі құрлықтың құндылықтарының бірлігін көрсету.
Кітапта Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің әрқайсысының халық ертегілері, аңыздары әрі нақыл сөздері келтірілген, сол арқылы олар ортақ ежелден келе жатқан мәдени сабақтастығын көрсетеді. Жинақтағы кейбір аса сирек кездесетін ертегілер қазақ тілінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Бұл кітапта батырлар, айдаһарлар, перілер туралы не халық әзіл-сықаққа толы түрлі хикаяларды кездестіруге болады.
Қазақстандық оқырмандардың басым көпшілігі осы ертегілермен таныс екендігіне сенімдімін. Мәдениет шекара талғамайды, құрлықтарға, кейде одан да тыс аймақтарға өріс жаяды. Сол себепті, біздің ұқсастығымыз ойлағанымыздан да көбірек болады және бұл кітаптың мақсаты осы байланыстарды көрсету, – дейді Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон.
Кітап бойынша жұмыс жарты жыл жүрді. Барлық иллюстрацияны Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, дарынды апалы-cіңлілі Ғалия және Балқия Құсайыновалар (ГаБо) дайындады.
Еуропа әлемін бейнелейтін суреттер арқылы оқырмандар ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, cол заманның сиқыр мен қиял әлеміне жол ашады деп үміттенеміз, - деді Балқия Құсайынова.
Кітаптың тұсаукесерін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі онлайн өткізді. Өкілдіктің әлеуметтік желі парақшаларында күнделікті ЕО-ға мүше мемлекеттердің Елшілері бейнеролик форматында ертегілерді оқып, Еуропаның ғажайып ертегілер әлеміне оқырмандарды саяхаттауға шақырады.
"Еуропа әлемінде" ертегілер кітабының электронды нұсқасы осы жерде.