Бүгiн 2026, 07:28
Фото: olympic.kz
Еуропа кубогы: Шерзод Давлатов – дзюдодан алтын медаль иегері
Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Қазақстандық дзюдошылар Прагада (Чехия) өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.
Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Дегенмен шешуші кездесуде португалиялық Рошели Нунеске жол берді.
Айта кетейік, Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.