Еуропа коронавирус пандемиясының орталығы деп жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа жаңа коронавирустың пандемия орталығына айналды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Еуропада, Қытайды қоспағанда, коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар мен өлім-жітім көбірек тіркелуде.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, 13 наурыздағы жағдай бойынша әлемнің 123 елінде 132 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелген. Қайтыс болғандар саны бес мыңнан асты.

Инфекция Италияда жылдам таралуда. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, COVID - 19 вирусын италиялықтардың 15 мың адамы жұқтырған. 1258 адам емделіп шықса, вирустан көз жұмғандар саны 1015-ке жеткен.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы