Еуропа карантин шараларын күшейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның бірқатар елдері коронавирусқа байланысты шектеу шараларын күшейтуге кірісті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналы.

Испания билігі вакцинация туралы сертификаттың бар болуына қарамастан инфекцияның таралу қаупі жоғары елдерден келген барлық жолаушылардан коронавирусқа теріс тест талап етуді қолға алуда. Испания ЕО құрамына кірмейтін «тәуекел тобындағы елдер» қатарына 20-ға жуық мемлекеттен басқа барлық елді жатқызады.

Германияда жетекші вирусологтар бүкіл халықтық қатаң карантин енгізуге шақыруда. Дәрігерлер вакцинацияланбаған адамдарды оқшаулауды ұсынады.

Біз толық оқшауланбай төртінші толқынды тоқтата алмайтынымызды мойындауымыз керек, – деді эпидемиолог Александр Кекуле.

Австралия коронавирустың жаңа штамының пайда болуына байланысты Африканың тоғыз елінен келгендерге елге кіруге тыйым салды. Бұл - Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Сейшел аралдары, Эсватини және Оңтүстік Африка.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы