Еуропадағы карантин режимі енгізілмеген жалғыз ел
Алматы, BAQ.KZ. Швецияда коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңға жуықтады, алайда ел билігі каранитн режимін жариялауға асығар емес.
Скандинавия елінің COVID-19-ға қарсы күрес стратегиясы әлемде үлкен резонанс тудырып отыр. Мұнда соңғы уақытта коронавирусты жұқтырғандар мен одан жазылып шыққандар саны тіркеліп жатқан жоқ. Соңғы тіркелген дерек бойынша, бұл елде 15 мыңға жуық адам аталған вирусты жұқтырған, ал өлім-жітім саны бір жарым мыңға дейін өскен.
Балабақшалар, мектептер, мейрамханалар және қоғамдық көлік жұмыс істеп тұр.
Швецияның бас эпидемиологы Андерс Тегнелл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін азаматтар коронавируспен ауырып шығуы керек деп санайды. Ал, осы елдің Премьер-Министрі коронавируспен күрес — әркімнің жеке жауапкершілігі деген ойда.