Еуропа елдеріндегі COVID-19

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияда бір тәулікте 1 239 адам вирус жұқтырып, 102-сі қайтыс болған, деп хабарлайды ru.euronews.com.

Швецияда пандемия басталған сәттен бастап COVID-19-дан қаза болғандардың саны 5000-нан асты. Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны тәулігіне 1 239-ға өсті, ал бір тәулікте қайтыс болғандар саны 102-ге артқан. Бұл осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі берген мәліметтер. Билік тарапына айтылып жатқан сын көп. Карантин енгізілмеген Швецияда инфекциядан болған өлім-жітім деңгейі қатаң шектеу шараларына жүгінген өзге скандинавиялық көршілеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Алайда, Швеция эпидемияның шарықтау шегінен өтті, ауруханалардың реанимациялық бөлімшелеріндегі пациенттер күн сайын азая түсуде.

Жаңа үлгідегі коронавирус салдарын жоюға бағытталған карантин шараларын жеңілдетудің үшінші фазасы өтіп жатқан Италияда 24 сағат ішінде 43 адам қайтыс болды. COVID-19 індеті жалпы 34,5 мың адамның өмірін қиды. Бір тәулік ішінде инфекция жұқтырғандар саны 329-ға өсті. Олардың көпшілігі Ломбардия қаласында. 20 облыстың алтауында вирус жұқтырудың жаңа жағдайларының нөлдік өсімі тіркелді. Олардың арасында Базиликат пен Калабрияның оңтүстік облыстары, Солтүстік Валле-д'Аоста бар.

Коронавирус жұқтырғандар санының өсуі Португалияда байқалады. Соңғы күндері орташа есеппен 300-ге жуық науқас анықталды. Вирус жұқтырғандардың дені ел астанасында тіркелген. Атап айтқанда, инфекцияның өршуі Лиссабоннан жүз шақырым қашықтықта, қарттар үйінің бірінде анықталған. Мекемеде тұрғындар мен мекеме қызметкерлері ауырып қалды. Португалиядағы өлім саны 1,5 мыңнан асты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы