Еуропа елдерінде мереке қарсаңында шектеу шаралары енгізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирустың таралуына байланысты тағы да түнгі клубтар жабылмақ. Бірақ бұл жолы қаңтар айының басына дейін жабылады. Қорғаныс кеңесі отырысының қорытындысы бойынша үкімет осындай шешімге келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Францияның Премьер-министрі Жан-Кастекс локдаун режимін енгізу туралы әлі сөз болмағанын айтты.

Мектептерде санитарлық шектеулер күшейтіледі, жұмыс берушілерге қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беру ұсынылды.

15 желтоқсаннан бастап бес жастан 11 жасқа дейінгі балалар коронавирусқа қарсы вакцинаны ала алады.

Испанияда Малага аймақтық университет ауруханасының қызметкерлері арасында коронавирус өршіді.

Инфекция алдағы Рождествоға байланысты болған түскі астан кейін 68 қызметкерден табылды. Мерекелік іс-шараға 170-ке жуық адам қатысқан.

Түскі ас қарсаңында барлық қонақ вакцинация сертификатын немесе коронавирусқа антигендік тесттің теріс нәтижесін ұсынды.

Ұлыбританияда омикрон штаммы жоғары жылдамдықпен таралып жатыр. Соңғы тәулікте 90 жаңа жағдай тіркелді.

Расталған жағдайлардың саны 336 адамға жетті, олардың барлығы ауру жұқтырған. Біреулерінде аурудың белгілері болмаған, енді біреулері сырқаттанған. Менің білуімше, олардың ешқайсысы ауруханаға жатқызылған жоқі, - деп хабарлады Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид.

Чехияның Денсаулық сақтау министрлігі алдағы күндері зейнеткерлер мен бірқатар кәсіптердің өкілдеріне келесі жылдың 1 наурызынан бастап коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация туралы қкім шығарылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Чехияда желтоқсан айының ортасында жаңа үкімет тағайындалады және коалиция өкілдері бұл құжатты сынға алып үлгерді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы