Еуропа елдері Трамптың "бейбіт жоспарына" түзету енгізуді ұсынды
Еуропа көшбасшылары, сондай-ақ Канада мен Жапония АҚШ ұсынған Украина бойынша «бейбіт жоспарда» мәселелі тұстар бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар құжаттағы төрт негізгі тармақты өзгерту қажет деп санайды. Негізгі уәж — шекара күшпен өзгермеуі тиіс және Украина әскерін шектеу елді болашақ агрессияға осал етуі мүмкін.
Сонымен қатар, жоспардағы ЕО мен НАТО-ға қатысты тармақтардың іске асуы аталған ұйымдардың жеке келісімін талап ететіні атап өтілді. Еуропалық тарап құжатты толықтай қабылдамаса да, оны әрі қарай талқылауға негіз бола алады деп есептейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы