Еуропаның бірнеше қаласы Жаңа жылды отшашусыз қарсы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Брюссельде, Парижде, Прагада әуесқойларға да, кәсіби отшашуға да тыйым салынды. Ал, Германияда биыл орталық алаңдарда салют ұйымдастыруға тыйым салды. Бұл туралы Deutsche Welle сайтында хабарланды.
Мұндай тыйым қауіпсіздік үшін енгізілді.
2019 жылдың соңында Германияның 53 қаласында сауалнама жүргізілді. Аугсбург, Бамберг, Дюссельдорф, Гамбург, Мюнхен, Нюрнберг және Шуттгарттың тарихи орталықтары мен жаяу жүргіншілер аймағында отшашуларға шектеулер енгізу туралы жоспарларын жариялады.
Немістер жыл сайын мерекелік пиротехникаға 133 миллион еуро жұмсайды екен. Әуесқойлық отшашулар заңмен қатаң реттеледі: бұған тек 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында рұқсат етіледі. Ал егер заң бұзушылық орын алса, ол үшін 10 мың еуроға дейін айыппұл салынады.
Берлин осы жылы Александрплацта және әлемдегі ең үлкен ашық аспан астында Жаңа жылдық кеш өткізетін Бранденбург қақпасында әуесқой отшашуға тыйым салғанын айта кетейік.
Бұдан басқа, Кельнде Кельн соборының жанындағы аймақ та қоршауға алынды. Қонақтардың барлығының сөмкелері мен рюкзактары тексеріліп, тіпті от зымырандары мен бенгал оты да алынды.