Еуроодақ визалық саясатты қатаңдатуға дайындалуда

Еуропалық Одақ (ЕО) үшінші елдерге қатысты визалық саясатты қатаңдатуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Euractiv порталы жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжам бойынша, жаңа визалық стратегия 2025 жылдың соңына дейін қабылдануы мүмкін. Құжатта визалық режим елдердің ЕО-мен көші-қон саласындағы ынтымақтастық деңгейіне қарай өзгереді деп көрсетілген.

Сонымен қатар, Еуропалық Комиссияға ЕО-мен қарым-қатынасын «айтарлықтай нашарлатқан» елдердің азаматтарына виза беруді тоқтата тұру немесе толық тыйым салу өкілеттігі берілмек.

Брюссель «тексерілген саяхатшыларға» арналған 10 жылдық көп мәртелік Шенген визасын енгізуді де жоспарлап отыр. Бұл визалар визасыз режимдерді тезірек қайта қарауға немесе тоқтатуға мүмкіндік береді.

Мақалада атап өтілгендей, Frontex агенттігінің жаңа визалық қолдау кеңсесі визалық саясатты ЕО-ның экономикалық және геосаяси ықпал ету тетігіне айналдыруды көздейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы