Құмар ойынға әуес 15 мемлекеттік қызметкер жазаланды
Шенеуніктер түрлі ойынға ақша тігіп қана қоймай, жұмыс орнында сексуалды сипаттағы видеоларды да көрген деседі. Ең қызығы, лудомандар арасында құқық қорғау қызметкерлері де бар.
Шымкентте құмар ойынға бәс тіккен 15 мемлекеттік қызметкер жазаға тартылды. Олардың кейбірінің қызметі төмендесе, бірқатары жұмыстан қуылған.
Шенеуніктер түрлі ойынға ақша тігіп қана қоймай, жұмыс орнында сексуалды сипаттағы видеоларды да көрген деседі. Ең қызығы, лудомандар арасында құқық қорғау қызметкерлері де бар.
Еске салайық, өткен жылы прокуратура Шымкентте құмар ойынға құныққан 50 лауазымды тұлғаны анықтаған. Олар небәрі бір жыл ішінде букмекерлік кеңсеге 400 миллион теңге ұтылған.
Мемлекеттік қызметте болып, шығып кеткен азаматтар да болды. Нақты бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет істеп жүрген азаматтар саны - 15. Олардың барлығына заңнама аясында тиісті шара қабылданды, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков.