Бүгiн 2026, 05:35
Фото: Shutterstock
Еуроодақ Temu-ге қауіпті тауарлар үшін €200 млн айыппұл салды
Temu 28 тамызға дейін заңбұзушылықтарды жою жоспарын ұсынуы тиіс. Одан кейін Еурокомиссия оны екі ай ішінде қарастырады.
Еурокомиссия жүргізген тексеріс барысында маркетплейсте сатылған зарядтағыш құрылғылардың қауіпсіздік бойынша негізгі сынақтардан өтпегені анықталды.
Сондай-ақ кейбір ойыншықтардың құрамында рұқсат етілген мөлшерден жоғары химиялық заттар болғаны және олардың тұтынушыларды тұншықтыру қаупін тудыруы мүмкін екені айтылды. Бұдан бөлек, сауда алаңында заңсыз тауарлар да сатылғаны хабарланды.
Temu бұл шешіммен келіспейтінін мәлімдеп, айыппұлды «шамадан тыс» деп атады. Компания бұл шешім 2024 жылғы жағдайға қатысты екенін және платформаның қазіргі ахуалын көрсетпейтінін жеткізді.
Temu 28 тамызға дейін заңбұзушылықтарды жою жоспарын ұсынуы тиіс. Одан кейін Еурокомиссия оны екі ай ішінде қарастырады.