Кеше 2026, 21:00
Фото: pixabay.com
Еуроодақ сыртқы істер министрлері шұғыл конференция өткізеді
Кеңеске 27 елдің министрлері қатысады.
Еуропалық одаққа мүше елдердің сыртқы саяси ведомство басшылары шұғыл жиын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас мәлімдеді.
Еуроодаққа мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері бүгін бейнеконференция форматында шұғыл кеңес өткізеді. Конференция Еуропа уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Күн тәртібінде – Иран төңірегіндегі жағдай және осы дағдарысқа қатысты еуропалық елдердің ортақ ұстанымын қалыптастыру мәселесі.
Еске салайық, ертең, дүйсенбі күні Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен де Қауіпсіздік алқасының шұғыл отырысын өткізеді. Оған 27 еурокомиссар қатысады деп жоспарланған.