Еуроодақ Сирияға 50 тонна көмек жіберді
Еуропалық одақ Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 50 тонна жүк жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Киім-кешек пен шатырлар, медициналық құрал-жабдықтар мен азық-түлік жер сілкінісі кезінде зардап шеккен адамдарға таратылып беріледі. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Ақпанның тоғызы күні Біріккен Ұлттар ұйымы да Сирияға гуманитарлық жүк жөнелткен болатын. Тауар тиеген алты көлік елдің солтүстік-батысына келіп жетті. Жасақшылар бақылауындағы бұл аймақтарға көмек жіберу қиынға соғып тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысының өрт сөндірушілері 20 адамды құтқарды
Өзгелердің жаңалығы