23 Қыркүйек 2026, 04:27 Фото: depositphotos.com

Еуроодақ Ресейге қатысты жеке санкцияларды 2029 жылға дейін ұзартты

Шектеу шаралары Украина аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді немесе қауіп төндіреді деп танылған тұлғалар мен ұйымдарға бағытталған.

Еуропалық Одақ Кеңесі Ресейге қатысты жеке санкциялардың қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Шектеу шаралары Украина аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді немесе қауіп төндіреді деп танылған тұлғалар мен ұйымдарға бағытталған.

Санкциялар активтерді бұғаттауды, ЕО аумағына кіруге және транзитпен өтуге тыйым салуды, сондай-ақ санкцияға іліккен тұлғалар мен ұйымдарға қаржы немесе экономикалық ресурстар ұсынуға тыйым салуды қамтиды.

ЕО Кеңесі 2026 жылғы 23 шілдеде Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін қабылдаған. Оның аясында 48 жеке тұлға мен 170 ұйым санкциялық тізімге енгізілді. Сонымен қатар Ресейдің көлеңкелі флоты, энергетика, қаржы және әскери-өнеркәсіптік секторларына қатысты бірқатар шектеу күшейтілді.

ЕО-ның жеке санкциялар тізімі тұрақты түрде қайта қаралады. 2026 жылғы наурыздағы соңғы ресми жаңартуда Кеңес екі тұлғаға қатысты санкцияларды ұзартпау және қайтыс болған бес адамды тізімнен шығару туралы шешім қабылдаған.