Еуроодақ ливандықтарға көмек ретінде 10 млн еуро бөледі
Еуроодақ Израиль қорғаныс армиясы мен «Хезболла» ұйымы арасындағы қарулы қақтығыстан зардап шеккен ливандықтарға көмек ретінде 10 миллион еуро бөледі, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Еуропалық комиссия мүшесі Янез Ленарчич мәлімдеді. Оның айтуынша, осы қаражат арқылы азық-түлік, баспана мен медициналық қызметтер секілді жедел гуманитарлық көмек көрсету көзделген.
Аймақтағы қақтығыстың өршуінен Ливанның оңтүстігінде 90 мыңнан астам адам босқынға айналды. Олардың саны күн өткен сайын көбейіп барады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды
Өзгелердің жаңалығы