Еуроодақ елдері шекарадағы бақылауды күшейтті
Еуроодақ елдері шекаралардағы қауіпсіздік шараларын күшейтпек. Бұл Африка, Азия, Таяу Шығыстан келетін заңсыз мигранттардың жолына тосқауыл болуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы еурокомиссия төрағасы Урсула Фон Дер Ляйен мәлімдеді. Яғни, шекара қызметкерлерінің жұмысы күшейтіліп, қосымша камералар, бақылау жүйесін жетілдіру көзделіп отыр. Осы ретте, Еуропаның кей мемлекеттері қажетті құрал жабдықтарға одақтан қаржы бөліну керек деп санайды.
Сондай-ақ, көші-қонға байланысты заңды күшейтіп, заңсыз шекера асуды тоқтату қажет деп отыр.
Заңсыз миграция Еуропада өзекті мәселелердің біріне айналды. Пандемия кезінде мигранттар саны азайса да, былтыр көрсеткіш қайта өсіп, 64 процентке жетті. Жалпы 2022 жылы Еуропаға 330 мың адам заңсыз кіргені анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ. 6 адамның жағдайы ауыр
Келесі жаңалық
Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Өзгелердің жаңалығы