Бүгiн 2026, 04:55 Фото: Anadolu агенттігі

Еуроодақ әлеуметтік желі қолданушыларына жас шектеуін енгізуді қарастырып жатыр

Сондай-ақ Еуроодақта одаққа мүше барлық елге ортақ ережелер әзірлеу және қолданушылардың жасын тексеру технологияларын енгізу мәселесі талқылануда.

Еуроодақ биыл жазда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеп, қолданушылардың жасын тексеру арқылы цифрлық кәмелет жасына қатысты бірыңғай ережелер енгізуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеп, әлеуметтік желілерді қолданудың ең төменгі жасына қатысты мәселе барған сайын өзекті болып отырғанын айтты.

Біз технологиялардың өте жылдам дамып жатқанын және олардың балалар мен жасөспірімдердің өмірінің барлық саласына еніп жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік желілерді пайдаланудың ең төменгі жасы туралы мәселені енді елемеуге болмайды. Еуроодаққа мүше елдердің басым бөлігі мұндай шектеуді енгізу қажеттігін бағалауға шақырып отыр, – деді Урсула фон дер Ляйен.

Сондай-ақ Еуроодақта одаққа мүше барлық елге ортақ ережелер әзірлеу және қолданушылардың жасын тексеру технологияларын енгізу мәселесі талқылануда.