Еуроодақ елшілері Қазақстанмен саяси және экономикалық ынтымақтыстықты жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Респрубликасы және Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты және көпжақты өзара әрекеттесу мәселелерінің кең ауқымы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің ҚР-дағы ЕО дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесуі барысында қарастырылды. 

Сыртқысаяси ведомствосының басшысы Қазақстан Еуропалық Одақпен қалыптасқан белсенді саяси диалогпен, тауар айналымы және тікелей инвестициялардың жоғары серпінімен сипатталатын достық қатынастарды ерекше бағалайтынын атап өтті.

Министр жақын уақытта ЕО-ның барлық 28 мүше-мемлекеттерімен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді (КӘЫК) және биыл маусымда қабылданған Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынастары бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясына оң баға берді.

Еуропалық дипломаттар ҚР-да жүріп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға жоғары баға беріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айқындалған бастамаларының алға басушылығын атап өтті. 

Дипломаттар аталған стратегиялық маңызды құжаттардың жүзеге асырылуының институционалдық және қаржылық аспектілерін, сондай-ақ ЕО-Орталық Азия бағыты бойынша ынтымақтастықтың перспективалық салаларының даму жолдарын талқылады. Қазіргі таңда Қазақстан тарапының КӘЫК-тың әлеуетін ашуға бағытталған "жол картасын" пысықтау жұмысы аталып өтілді.

Биыл мамыр айында Еуропалық Кеңес Президенті Дональд Тусктың Нұр-Сұлтанға ресми сапары бойынша нәтижелерінің жүзеге асырылуына, соның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті -­ Елбасы Н.Назарбаевпен және ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен екіжақты келісімдеріне бөлек назар аударылды. 

Көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібі барысында бірқатар мәселелер қарастырылды, атап айтқанда, климаттың өзгеруі, халықаралық қауіпсіздік және ЕЭО, ЕҚЫҰ, ЕЭЫДҰ және т.б. секілді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. ЕО Елшілері Қазақстан Президентінің ү.ж. қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында баяндаған халықаралық күн тәртібі бойынша ұсыныстарын жоғары бағалады. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде елімізді көрнекті "ойыншыға" айналдырған және барлық жаһандық әріптестермен сындарлы қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік берген Қазақстанның белсенді сыртқы саясаты Елшілер тарапынан жеке аталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған басты рөлі, соның ішінде ҚР-ның ядролық қаруды таратпау, гуманитарлық операциялар жүргізу, Ауғанстанға көмек көрсету салаларындағы үлесі ерекше аталып өтті.

Сыртқысаяси ведомство басшысы сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, қоршаған орта, білім беру, құқықтық реформалар, шағын және орта бизнесті қолдау салаларындағы жан-жақты байланыстардың тереңдетуге бағытталған бастамаларға Қазақстан қызығушылық білдіретінін атап өтіп, бұл бағыттар бойынша еуропалық әріптестерді ҚР-мен белсенді ынтымақтастыққа шақырды. 

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ мәдениет, толеранттық дәстүр және өзара түсінушілік байланыстарды арттыруға септігін тигізетін ЕО-мен визалық режимді жеңілдету - келіссөздердің басты тақырыбы болды. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстандағы ЕО-ның Елшісі Свен-Олов Карлссон ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен еуропалық дипломаттармен сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша салалық кездесулердің ұйымдастырылуы туралы қазақстандық тараптың жаңа бастамаларын жоғары бағалады. Оның айтуынша, аталған іс-шаралар "ой-пікірлермен алмасуға", сондай-ақ екі тараптың мақсаттарын түсінуге, елдегі іскерлік климаттың одан әрі жақсаруына өзара тиімді шешімдерді пысықтауға және экономикалық ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Тараптар Сыртқы істер министрінің қатысуымен ЕО мен ҚР арасындағы ынтымақтастық әлеуетін іске асыру мақсатында осы форматтағы тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы