Еуроодақ Британияға қаржы міндеттемесін өтеуді жүктеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания тек орынды дәлелдері болғанда ғана Еуроодақтан шығу мерзімін шегеруі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
Сондай-ақ ол Солтүстік Ирландия шекарасында емін-еркін қатынауды сақтап, Еуроодақ алдында қаржылық міндеттемелерін орындауы тиіс. Еуропарламент осындай мазмұнда қарар қабылдады. Бұл құжат үшін 544 депутат дауыс берсе, 126-сы қарсы шығып, 38-і қалыс қалған.Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан Брексит мерзімін кейінге қалдыруды сұрауға үкіметті міндеттейтін заң қабылдаған болатын. Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия төрағасы: - Бізбен кездесуінде Борис Джонсон Ұлыбритания келісімге жеткісі келеді, бірақ неде болса, 31 қазанда елі Еуропалық Одақ құрамынан шығатынын айтқан. Түк өзгеріс жоқ. Брекситтің келісімсіз өту қауіпі жоғары боп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы