«Тобыл» әуесқой командаға есе жіберіп еурокубоктан ұшып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Астана-Аренада» Қостанайдың «Тобыл» клубы мен Люксембургтың «Женесс» клубы арасында Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны өтті.

Алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған. Бұл жолы екі команда бір-бір голдан соқты. Алдымен, 22-минутта «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиевтің айып соққысын Халим-Меди Меддур өз қақпасына кіргізіп алды.

Үзілістен кейін қонақтар пенальтиден таразы басын теңестірді. Көзге түскен – Мехмет Арслан. Бұдан кейін Владимир Газзаев шәкірттері тайлы-тұяғымен шабуылдағанымен, қарсылас қақпасынан саңылау табу мүмкін болмады. Осы есеп матч соңына дейін сақталып қалды. Сөйтіп, «Тобыл» еурокубокпен қоштасты. 


Люксембургтің әуесқой командасы сырт алаңда соғылған голдың арқасында келесі кезеңге өтті. Енді олар Португалияның «Гимарайнш» клубымен кездеседі. 

«Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) – «Женесс» (Эш-сюр-Альзетт, Люксембург) 1:1 
Бірінші матч: 0:0
Голдар: Меддур, 22-автогол (1:0). Арслан, 59 (1:1).
«Тобыл»: Балаев, Кассай, Мирошниченко (Валиуллин 62), Дмитренко, Квеквескири, Нұрғалиев (Гордейчук, 81), Тұрысбек (Федин, 67), Канкава, Себай, Жулпа, Бочаров
«Женесс»: Сомме, Тодорович, Меддур, Фьорани, Клица, Дурьятти, Менссу, Ляпьер, де Соуза (Морейра, 79), Арслан (Макота, 71), Штейнбах.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы