28 Қараша 2024 2024, 11:00
Фото: архив
Еурокомиссияның жаңа құрамы бекітілді
Страсбургте өткен дауыс беруде Еуропарламент депутаттарының көбі ұсынылған кандидатуралардың барлығын қолдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Страсбургте өткен дауыс беруде Еуропарламент депутаттарының көбі ұсынылған кандидатуралардың барлығын қолдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен орнын сақтап қалды. Ол жұмысының алғашқы 100 күнінде 7 жаңа бастаманы іске асыратынын жеткізді.
Әсіресе, қорғаныс саласына көп қаржы бөлуге уәде берді. Еуроодаққа мүше 27 мемлекет Еурокомиссияға бір комиссардан ұсынады. Олар 5 жыл мерзімге тағайындалады. Енді Еурокомиссияның жаңа құрамы 1 желтоқсанда өз міндеттерін орындауға кірісуі тиіс.