Еурокомиссия Украинаға ЕО-ға кандидат мәртебесін беруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Комиссия Украинаға ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесін беруді ұсынды. Бұл өз кезегінде мәселені Еуропалық кеңес деңгейінде қарастыру алдындағы міндетті ресми қадам. Мұндай тұжырымды Еуропалық комиссия алқасы отырысының қорытындысын баяндаған комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттік ақпаратына сәйкес, Украинаның ЕО мүшелігіне берген өтініші Еуропалық комиссияның тиісті шешім қабылдауына себеп болып отыр. Сонымен қатар, аталған ел Копенгаген критерийлерінде көрсетілген дамыған демократиялық қоғам қалыптастыру талаптарын орындауға ниетті.
Бұдан бөлек бүгін Еуропалық комиссия Украина, Молдова және Грузияның ЕО мүшелігіне берген өтініштерін қарады. Еуропалық Кеңес Украинаға ЕО-ға үміткер мәртебесін беру мәселелерін 23-24 маусымда талқылайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Еуропалық Комиссия Украинадан келген босқындарды өз аумағында қабылдау үшін Еуроодаққа мүше мемлекеттерге 3,5 миллиард еуродан астам аванс төледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы