Еурокомиссия Украинадан сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді талап етті
Брюссельде ұсынылған Еуропалық комиссияның жыл сайынғы есебінде Украина Ресейдің басып кіруіне қарамастан еуропалық реформалар жолында айтарлықтай ілгерілеу жасағаны атап өтілді. Алайда құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қарқыны бәсеңдегені және бұл бағытта нақты проблемалар бар екені көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Комиссияның мәліметінше, НАБУ (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро) мен САП (Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура) секілді негізгі құрылымдардың тәуелсіздігі уақытша шектелген. Сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдеріне қысым көрсетілуі Брюссельдің бағасына теріс әсер еткен.
Украина реформаларды жалғастырып жатыр, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің тұрақтылығы мен ашықтығын күшейту қажет, – делінген есепте.
Бұл бағалау ЕО-ға үміткер 10 елдің есебімен бірге жарияланды. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Грузия, Косово, Молдова, Солтүстік Македония, Сербия, Түркия, Черногория және Украина бар.
Комиссияның пікірінше, ең үлкен ілгерілеу Украина мен Молдова, сондай-ақ Черногория мен Албанияда байқалады. Ал Грузияның көрсеткіші ең төмен болған.
Брюссельдің бағалауынша, әрбір елдің ЕО-ға мүшелік перспективасы «әртүрлі және саяси ерік-жігер мен нақты реформаларға байланысты».