Еурокомиссия коронавирусқа қарсы алғашқы препаратты мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық комиссия (ЕК) жұма күні COVID-19 коронавирус инфекциясын емдеу үшін "Ремдесивир" вирусқа қарсы препаратын қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы ЕК-тің денсаулық сақтау жөніндегі мүшесі Стелла Кириакидис мәлімдеді, деп жазады interfax.ru.
COVID-19 емдеу үшін алғашқы препаратты санкциялау вируспен күресте маңызды қадам болып отыр. Біз мұндай рұқсатты өтініш бергеннен кейін бір айдан аз уақыт ішінде береміз, бұл ЕуроОдақтың жаңа емдеу әдістерінің пайда болуына жылдам жауап беру шешімін айқын көрсетеді, - делінген Кириакидистің мәлімдемесінде.
"Ремдесивирді" пайдалануға деген рұқсат Еуропалық дәрілік заттар агенттігі пневмониядан зардап шегетін және оттегі қолдауын қажет ететін 12 жастан асқан пациенттерді емдеу үшін препаратты пайдалануға шартты түрде рұқсат бергеннен кейін жүргізілді.
Препараттың тиімділігін бағалау америкалық Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының қолдауымен жүргізілетін зерттеу нәтижелеріне негізделген. 10 елде мыңнан астам пациенттің қатысуымен жүргізілген институттың зерттеуі пациенттердің көктамырына енгізілген "Ремдесивир" ауруханаға жатқызылғандардың сауығу процесін жеделдеткенін көрсетті. Орташа есеппен алғанда, препарат пациенттерді емдеуге жатқызу мерзімін 15-тен 11 күнге дейін қысқартады.
АҚШ-та мамыр айының басында коронавирусы бар пациенттерді емдеу үшін ауруханаларда "Ремдесивирді" пайдалануға рұқсат берілген еді, содан кейін препаратты қолдану Жапония мен Оңтүстік Кореяда да мақұлданды.