Еуропа елдерінің вакцина қабылдаған азаматтарына жаңа ережелер ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық одақтың жоғарғы атқарушы органы COVID-сертификатын 9 айға дейін заңдастыруға ниет білдіруді.
Осылайша, соңғы дозаны алған күннен бастап толық вакцинация туралы құжат Еуропалық одақ мемлекеттерінің азаматтарына одақ елдерінде еркін жүру құқығын береді. Алайда, қауіпті эпидемиялық аймақтардан келетін вакцинацияланбаған немесе ауру жұқтырған адамдар сапарға шығу алдында ПТР-тест тапсырып, елге келген кезде карантиннен өтуі қажет.
Израиль билігі коронавирустың жаңа штамына байланысты африкалық 7 елдің азаматтарына елге кіруге тыйым салды. Екі күн бұрын вирустың мутацияға ұшыраған B.1.529 нұсқасының анықталғандығы туралы хабарланды.
Қауіпті елдер тізімінде Оңтүстік Африка, Лесото, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Намибия және Эсватини бар. Бұл елдерден оралған Израиль азаматтары арнайы дайындалған қонақ үйде бір апта бойы карантинде болу тиіс. Олар ПТР-тестінің екі рет теріс нәтижесінен кейін ғана қонақүйден шыға алады.