Еурокомиссия энергетикалық ынтымақтастық жобасын ұсынды

Еурокомиссияда энергия тасымалдаушылардың қымбат бағасымен күресуге арналған төтенше шаралардың тағы бір пакеті ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Урсула фон дер Ляйен газ сатып алу бойынша бірлескен жоба құру керек дейді. Ең алдымен Брюссель отын импортын арзандатуды көздеп отыр. 

Жоба іске асса, Еуроодаққа мүше елдер қымбатшылыққа жол бермес үшін бір-бірінен кем дегенде 15% көлемінде газ сатып алуға міндеттеледі. 

Сонымен қатар, Еурокомиссия «энергетикалық ынтымақтастық» деп аталатын жоба құруды ұсынды. Оған сәйкес газ қоры жеткілікті елдер қыста тапшылық туындай қалса, басқа мемлекеттермен бөлісуі тиіс. Бірақ әзірге бұл тек ұсыныс қана. Оның іске асуы екіталай. Бұған дейін Еуропалық одақ елдері ресейлік газ бағасы бойынша келісімге келе алмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы