Еуро банкноталарының жаңа дизайны таныстырылды
Еуропалық орталық банктің мәліметінше, Еуропа елдерінің тұрғындары өздеріне ұнаған дизайн нұсқасына 21 қыркүйекке дейін қоғамдық дауыс беру арқылы таңдау жасай алады.
Еуро банкноталары 20 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа дизайнға ие болады.
Еуропалық орталық банк еуроның жаңа сериясына арналған банкноталардың соңғы дизайн нұсқаларын ұсынды. Болашақ банкноталардың жалпы 10 нұсқасы әзірленген және олар екі тақырыптық тұжырымдамаға негізделген:
- «Еуропа мәдениеті» – Еуропаның өнер, ғылым қайраткерлері мен мәдени мұрасына арналған;
- «Өзендер мен құстар» – құрлықтың табиғи алуан түрлілігі мен Еуропа елдерінің бірлігін бейнелейді.
Еуропалық орталық банктің мәліметінше, Еуропа елдерінің тұрғындары өздеріне ұнаған дизайн нұсқасына 21 қыркүйекке дейін қоғамдық дауыс беру арқылы таңдау жасай алады.
Еуропалық орталық банктің Басқарушылар кеңесі банкноталардың түпкілікті дизайнын 2026 жылдың соңына дейін бекітуді жоспарлап отыр. Осыдан кейін олар өндіріске жіберілмес бұрын жетілдіру және тексеру кезеңдерінен өтеді.
Банктің баспасөз қызметі жаңа сериядағы банкноталар айналымға тек бірнеше жылдан кейін шығарылатынын хабарлады. Ал қазіргі қолданыстағы еуро банкноталары заңды төлем құралы мәртебесін сақтап, жаңа сериямен қатар айналымда бола береді.
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11
- Вэнс Иранға қарсы АҚШ-қа көмектесіп жатқан елдерді атап, күтпеген мәлімдеме жасады: Тізімде кімдер бар? 19:57
- Қазақстанда цифрлық активтерге қатысты жаңа жоспар пайда болды 19:32