EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық құрамадан Лео өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Екінші кезеңде Ақжол Дәрібай 39-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Қазақстан құрамасы албаниялық қарсыластарын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады. Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.
Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында болады.
Енді Қазақстан құрамасы 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды.
Ал 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады.
Ал 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
- «Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды 00:51
- Жаңбыр, тұман: Дүйсенбіде 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды 11.10.2026
- Трамп Украина мен Ресей арасында энергетикалық бітім жариялады 11.10.2026
- Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті 11.10.2026
- Ұлытау облысында науқас шұғыл түрде тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді 11.10.2026
- Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды 11.10.2026
- «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс беру басталды 11.10.2026