EURO-2024. Шетелдік БАҚ Қазақстанға жаңа лақап ат берді

Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңіп кетіп, сенсация жасады. Словенияның Nogomania порталы Қазақстан құрамасы туралы мақала шығарды, деп жазады BAQ.KZ Sports.kz-сілтеме жасап.

«Қазақстан — өз тобының «троян аты»: «Уиндзор парк» есеңгіреп қалды» , делінген мақала атауында.

Қазақстан сырттағы екінші ойынында Солтүстік Ирландияны ұтып кетіп, көпті таң қалдырды. Осылайша Солтүстік Ирландия іріктеу матчтарындағы қатарынан болған үшінші жеңілісін тіркеді. Ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Абат Айымбетов гол соғып, Данияны жеңген кездегіден кейінгі ірі «олжасын» тіркеді. Уиндзор паркі жанкүйерлері Мартин о 'Ниллдің командасын алаңнан «ысқырып», масқаралап шығарып салды, - деп жазды БАҚ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы