EURO-2024 іріктеу турнирі: Қазақстан құрамасы Дания командасына қарсы ойнайды

Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Матч бүгін түнде Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді және отандық Qazsport және Qazaqstan телеарналарында көрсетіледі.

«Н» тобындағы алты турдан кейін Қазақстан құрамасы - 12 ұпай, Дания құрамасы — 13 ұпай жинады. 26 наурыздағы алғашқы кездесулерінде біздің команда Данияны сенсациялық түрде 3-2 есебімен жеңді.

Бұл – біз үшін футболымыздың әлеуетін бүкіл Еуропаға тағы бір мәрте паш етіп, жастарымызды спортқа ынталандыруға мүмкіндік беретін маңызды матч.
Футболшыларымызға барын салып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетулерін тілейміз, - деп, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев футбол құрама командасына сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы