Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы қашан өтетіні айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы кеңес жиыны барысында Қырғызстан Премьер-министрі Ақылбек Жапаров айтты.
Ол Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық өсу көрсеткіштерін атап кетті.
Былтып қаңтар-қараша айларында одақтың жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,4% деңгейінде болды. Бұл жалпы орташа көрсеткіштен жоғары. Осы кезеңде ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 5,1%-ға өсті. Үшінші әлем елдерімен сыртқы сауда көлемі 34,3%-ға, оның ішінде тауар экспорты 42,5%-ға өсті. Өзара сауда көлемі үштен бірге өсті, экспорт көлемі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекетте байқалды, - деді Ақылбек Жапаров.
Сонымен қатар Жапаров Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 2022 жылғы 21-22 маусымда Беларусь тарапының бастамасымен Брест қаласында өтетінін мәлімедеді.
Бүгінгі жиынға қатысушыларға нәтижелі және сындарлы жұмысы үшін алғыс айтқым келеді, - деді Ақылбек Жапаров елордадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын қортындылай келе.
Өз кезегінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ қызметін жетілдіру бойынша бірқатар практикалық ұсыныс жасады.
Комиссияға қабылданған шешімдердің кәсіпкерлікті дамытуға әсерін сандық және сапалық бағалау көрсеткіштерін әзірлеуді ұсынамын, - деді Премьер-министр.