Еуразиялық одақ елдерінде ортақ валюта болуы мүмкін бе?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова “Еуразиялық одақ елдерінде ортақ валюта бола ма?” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әбілқасымова Ресейде санкцияларға ұшырамаған банк көп екенін айтады.
Біз екі елдің коммерциялық банктері арасында корреспонденттік шоттар ашуға жәрдемдесу бағытында үнемі жұмыс істейміз. Қазір Қазақстанда Ресей Федерациясынан бір ғана банк жұмыс істейді – ВТБ банк, - деді ол.
БАҚ өкілдерінің ортақ валютаға қатысты сұрағына ол:
Бұл сұрақ қарастырылып отырған жоқ, қарастырылмайды да, біз толығымен өз ақша саясатымызды жүргізіп жатырмыз, – деді Әбілқасымова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да заңсыз аң аулау фактісі анықталды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы