Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық банк директорының орынбасары Берік Сабыржановтың жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқанын айтты.

Оның айтуынша,  банкке  бүгінде 15 млрд теңге бөлінген.

Бүгінде бөлінген қаржы игерілді. Сол себепті өтінімдерді уақытша қабылдамаймыз. Бірақ, келесі айда екінші транш бөлінген кезде қайтадан қабылдауды бастаймыз. Біздің банкке жалпы 35 млрд теңге қаражат бөлінген. Оның 15 млрд теңгесі осы апта ішінде клиенттерге несие ретінде беріледі. Яғни, 15 млрд теңгенің өтінімі мақұлданып отыр. Қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдамаймыз, - деді ол жеңілдікпен автонесиелеудің алғашқы қорытындылары туралы баспасөз мәслихатында.

Берік Сабыржановтың сөзінше,  маусым айының басынан бастап Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінімдер қабылдай бастайды.

Сонымен қатар бұған дейін еліміздің автобизнес қауымдастығының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Қайрат Еламанов  8 мың автомобильдің резервте тұрғанын айтқан еді.

Олардың басым бөлігі - Chevrolet. Өйткені, соңғы айларда осы марканың танымалдығы артты. Одан кейінгі орындарда - Hyundai, Kia, Jac, «Лада» көліктері тұр. Автомобиль жеткізуге қатысты айтар болсақ, зауыттар өз жоспарларымен жұмыс істеп, мүмкіндігінше өндіріс көлемін арттыруда. Жалпы, апта сайын дилерлік орталықтарға көліктер жеткізіліп жатыр. Сондықтан да резервтегі 8 мың автомобиль бүкіл бағдарламаға жасақталмаған. Яғни, апта сайын автосалондарға жаңа көліктер жеткізіледі, - деп атап өтті Қайрат Еламанов. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы