Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір өзгеріс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

Бұл хаттамаға 2019 жылғы 1 қазанда Ереван қаласында Мемлекет басшылары қол қойған.

Шарт 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі екі жылдан кейін, яғни 2017 жылы қабылданды. Кеден кодексінің нормаларына сәйкес аванстық төлемдер институтын енгізу көзделген.

Осыған байланысты шартқа тиісті түзетулер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Алдағы төленетін кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар мен пайыздар есебіне енгізілген ақша аванстық төлем деп танылады.
Қазіргі уақытта кедендік тазарту кезінде алты кедендік төлем мен салықтың түрі төлене алады,- дейді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт үнемдеп, шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Біріншіден, кедендік декларациялау үшін кедендік алымды, кедендік бажды, қосылған құн салығын, акцизді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы бажын төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігіне байланысты шығындарды барынша азайту;
екіншіден, қолда бар аванстық төлемдерді кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін пайдалану;
үшіншіден, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар осы төлемдерді пайда болған берешекті өтеу үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болады;
төртіншіден, бюджеттік сыныптама кодының әрбір түрі бойынша ақша қаражатының қалдықтарын жеке-жеке қадағалау қажеттілігі жоқ.

Кеден органы аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өтініші бойынша оған аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақша қаражатының жұмсалуы туралы есеп береді, - дейді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы