Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір құжат қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды. 

Осы заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аталған хаттамаға 2019 жылғы 

1 қазанда Ереван қаласында мемлекет басшылары қол қойғанын айтты.

Хаттамамен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың №5 және №8 қосымшаларына өзгерістер енгізілген.

Шарт 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі екі жылдан кейін, яғни 2017 жылы қабылданды.Кеден кодексінің нормаларына сәйкес аванстық төлемдер институтын енгізу көзделген.Осыған байланысты шартқа тиісті түзетулер енгізу қажеттілігі туындап отыр.Алдағы төленетін кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар мен пайыздар есебіне енгізілген ақша аванстық төлем деп танылады.Қазіргі уақытта кедендік тазарту кезінде бірнеше кедендік төлемдер мен салықтардың түрі бар,- дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақытын үнемдеп, шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Атап айтқанда:

біріншіден, кедендік декларациялау үшін кедендік алымды, кедендік бажды, қосылған құн салығын, акцизді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы бажын төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігіне байланысты шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді;

екіншіден, қолда бар аванстық төлемдерді кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға пайдалануға болады;

үшіншіден, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар осы төлемдерді пайда болған берешекті өтеуге жұмсай алады;

төртіншіден, бюджеттік сыныптама кодының әрбір түрі бойынша ақша қаражатының қалдықтарын жеке-жеке қадағалау қажеттілігі жойылады.

Кеден органы аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өтініші бойынша оған аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақша қаражатының жұмсалуы туралы есеп береді,- дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы