Еуразиялық экономикалық форум. Медведев Алматыға келді

Фото: РИА Новости

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Еуразия цифрлық форумына қатысу үшін Алматыға келді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды.


Алдымен Ресейдің үкімет басшысы 16-шы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

Ресей премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте Еуразиялық экономикалық одағының цифрлық мәселелері қаралады.

Кейін Дмитрий Медведев «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның инновациялық экожүйесі» атты Еуразия цифрлық форумына қатысады деп күтіледі.

Жиында Еуразияның біртұтас инновациялық экожүйесін құру, одаққа мүше елдердің технологиялық әлеуетін арттыру мәселесі қаралады.

Сонымен қатар аталған форумға  Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Беларуссия премьер-министрі Сергей Румас, Қырғызстанның премьер-министрі Мұхамметкалый Абылғазиев, Арменияның вице-премьері Мгер Григорян, Еуразия экономикалық одағының алқа төрағасы Тигран Саргсян, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, саясаткер, ғалымдар мен бизнесмендер қатысады.
Дәурен ЕРБОЛАТ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы