Еуразия технологиялық университеті 200 грант бөліп отыр

Еуразия технологиялық университетінде оқуда жоғары жетістіктерді көрсеткен талантты талапкерлер үшін 200 білім беру грантын беру бағдарламасының іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуразия технологиялық университеті оқуда жоғары жетістіктерді көрсеткен талантты талапкерлер үшін 200 білім беру грантын беру бағдарламасының іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды. Бұл бастама келесі пәндер бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) кемінде 100 балл жинаған студенттерді қолдауға бағытталған, - делінген хабарламада.

* География және математика

* ⁠География және ағылшын тілі

* Информатика және математика

* ⁠Дүниежүзілік тарих және құқық негіздері

* ⁠Сән және дизайн бағытындағы шығармашылық емтихандар

Осы бағдарлама аясында Еуразия технологиялық университеті үздік студенттерді ынталандыруға және оларға өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының бірінде сапалы білім алуға мүмкіндік беруге ұмтылады.

Білім беру гранттарынан басқа, университет негізгі ҰБТ-да 70 балдан жинаған талапкерлер үшін 50% - ға дейін жеңілдіктер ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін Еуразия технологиялық университеттің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз, - делінген хабарламада.

Байланыс:

Телефон нөмірі: +7 777 829 00 11

instagram: @etu_kz

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би 109б

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы