ЭЦҚ форматы өзгерді: Не білу маңызды
30 сәуірде Қазақстанда криптографиялық стандартқа көшу жүзеге асырылады, оған сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба форматы өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарланып отыр.
– «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер»;
– «Кадр бөлімінің қызметкері».
Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады.
Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылықтар екі күн газсыз отыр
Өзгелердің жаңалығы