Етпен айналысатын кәсіпорындарға 44 млрд теңге беріледі
Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту жолға қойылып, жеңілдікпен несие беру іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту жолға қойылып, жеңілдікпен несие беру іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, етті мал шаруашылығын дамыту үшін 50 млрд теңге көлемінде 5% мөлшерлемемен айналым қаражатын жеңілдікпен несиелеу іске қосылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын несиелеу жұмыс істейді. Жыл соңына дейін бұл мақсаттарға "таза" 5%-ға 44 млрд теңге бағытталады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің қосылған құнын арттырады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Белгілі болғандай, аталған шаралардың барлығы АӨК-тегі жалпы қосылған құнның өсуі мен жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тұрақты алғышарттар қалыптастырады.
Президенттің "Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауы бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде тауарлық кредит тетігі енгізілуде-орта және ірі бизнес ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы, отырғызу материалын және басқа да ресурстарды шағын фермерлер мен аз қамтылған ауыл тұрғындарына кепілсіз береді. Қазірдің өзінде 8,2 мыңнан астам мал, 300-ден астам жылқы, 5,8 мың құс 400-ден астам отбасына берілді. Шағын несиелеу және лизинг ережелері бекітіліп, ауыл тұрғындарын оқыту бағдарламасы жұмыс істейді, - деді Серік Жұманғарин.
Еске салсақ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, Қазақстанда жарты жыл ішінде "Бәйтерек" қоры кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті.