Этносаясатқа тек құзырлы органдар жауапты емес – Мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы әлеуметтік саясаттың ұлтаралық жағдайға қалай әсер ететінін айтты. 

Жалпы, ұлтаралық тұрақтылық халықтың экономикасы мен әлеуметтік жағдайына оң әсер етеді. Біз 30 жыл ішінде бұған көз жеткіздік. Елдегі тұрақтылықты сақтау үшін мәдениет пен білім, ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы зор. Бұл бағытта біз де кешенді және тиімді, яғни инклюзивті мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдадық. Бұл үшін арнайы құрылымдар құрылды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, әр министрлік пен мекеме ұлтаралық келісімдерді нығайтуда ерекше рөл атқаруда.

Әлеуметтік саясат ерекше орын алады. Шын мәнінде, этносаясатқа тек құзырлы органдар ғана жауапты емес. Алдағы міндеттерді табысты орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана біз халқымыздың бірлігін сақтай аламыз және мемлекетімізді нығайта аламыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Президент көпбалалы аналардың заңсыз митингтері туралы сөз қозғады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы